Каспий теңізіндегі жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлайды.
ҚР ҰЯО ҒЗИ деректер орталығының шұғыл мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 28 қаңтарда сағат 23:06-да. (Гринвич уақытымен 17 сағ. 06 мин.) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды. «Зілзала ошағы солтүстік ендік 41.53 градус, шығыс бойлық 50.73 градус. Mb тербелісі — 4.4 энергетикалық класы К -11.5. Тереңдігі h — 52 шақырым», делінген хабарламада.