Атырау облысы – экономикалық даму бойынша кенже қалған өңірлердің қатарында. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мәмин Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады.
Ол отандық өндірушілерді қолдау үшін ең қарапайым жұмыстардан бастап бақылауды күшейту керектігін атап өтті.
Үкімет басшысы өз баяндамасында өңірлер арасында жобалардың әлдеқайда жүзеге асуы Алматы қаласында, Жамбыл, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында байқалғанын айтты. Ал тізімнен Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау өңірлері төбе көрсетпеді.
Яғни бұл осы аймақтардың артта қалғанын білдірді