Атырау, Caspian Life. Өңірде жол-көлік оқиғалары 24 пайызға азайған.
Полиция департаменті мамандарының айтуынша, былтыр 194 мың құқықбұзушылық тіркелсе, оның 154 мыңы жол жүру ережесін бұзу фактілері. Тәртіпке бағынбағандарға 1 млрд 284 млн айыппұл салынып, нәтижесінде қазынаға 975 млн теңге түскен.
Құқық қорғау қызметкерлері былтыр 414 азамат жүргізу құқығынан айырылғанын айтады.
Тимур МҰСАҒАЛИЕВ, Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімшесінің полиция капитаны
Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге төмендеу. Сонымен қатар автокөлікті мас күйінде жүргізген 903 тұлғаға хаттама толтырылған. Жалпы жүргізушілерге айтатынымыз — жол ережесін сақтап, көлікке мас күйінде отырмауларыңызды сұраймыз.
Жарқынай Қанатова