Маңғыстау, Caspian Life.
Маңғыстау облысында тойға тыйым болмай тұр. Өткен демалыс күндері Мұнайлы ауданында 350 мейманды жинап, той өткізген иесі мен тойхана қожайыны жауапқа тартылды.
Арнайы Мониторинг топ мүшелері аудан аумағында орналасқан мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан дүркіреген тойдың үстінен түскен. Тойшы қауым би билеп, көңіл көтеріп, әрқайын жүр екен. Мұнда, санитарлық талаптардың бірде-біреуі сақталмаған дейді, топ мүшелері. .
Осыған орай, жауапты тұлғалардан түсініктеме алынып, шара қолдану үшін құжаттар санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданған.
Дәл сол күні осы ауданда тағы 6 мейрамханадағы той тоқтатылып, қонақтар үйлеріне кері қайтарылды.
Бақытжан Сатылханұлы