Сенат депутаты Атырау облысының бюджетіне түсетін трансферттерді ұлғайтуды сұрайды. Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, Атырау облысы Республикалық бюджеттің негізгі көзі бола тұра басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай аз қаражат алады.
Жоспар бойынша биыл мұнайлы астана қазынаға 214 млрд теңге аударуы тиіс. Ал облыстық бюджетке тек төрттен бір бөлігі, яғни 57 млрд теңге түспек. Салыстырмалы түрде қарасақ, Маңғыстау облысы қазынаға 8,2 млрд теңге аударып, одан 63 млрд теңге алады.
Ал Атырауға инвестициялық жобаларды толық аяқтау үшін 76 млрд қажет. Автомобиль жолдары, ауыз су, газдандыру, тұрғын үй және мектеп жетіспеушілігі салаларында да проблемалар байқалады,- деді сенатор.
Осыған орай, депутат есеп айырысу әдістемесін қайта қарауды және республикалық бюджеттен Атырау облысының бюджетіне оны нақтылау және түзету кезінде трансферттер көлемін ұлғайтуды сұрады.
Малика Такежанова, Арзу Қараш