Атыраулықтар 10 күннен бері жарыққа жарымай отыр. Тіпті сайлау қарсаңында ұялы телефонның көмегімен дауыс бергендерде бар. Ал 15 қаңтар күні облыста атаулы жағдай кері қайталанды. Міне сол кезде KEGOC компаниясы электр қуатындағы қиындықтар ауа-райындағы қолайсыздықпен тікелей байланысты екенін мәлімдеген еді.
Константин ЧЕРНОХАЕВ, директор Атырауского областного филиала АО KEGOC
Біз тұрғындардың тымық күнгі өтпелі жауын-шашынға бола, нысандардың жарықсыз қалғанына таңданулы екенін естіп жатырмыз. Бірақ бұл жәй ғана жаңбыр емес. Шынымыздық айтсақ, бұрын біз мұндай жаңбырды шаң-тозаңнан арылтады деп күтетінбіз. Өкінішке орай, осы жолғы жаңбыр күтпеген сыйлық болды. Оның құрамындағы әлдебір зат электр жүйесін бұзып, 30 жылғы тәжірбиесі бар энергетиктердің де таңданысын туғызды.
Маманның сөзінше, қазір топырақ пен изоляторлардың бойындағы суға сынама алынып, зертханаларға жіберілген. Сондай-ақ, олар жарықтың сөнуіне басты себеп – электр оқшаулағышының бұзылуы дейді.
Мамандар қуат көзіндегі қиындықтарды толықтай шешуге уәде бермеді. Тек туындаған қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.