Атырау, Caspian Life. Атырауда бір реттік медициналық бетперде 15 теңгемен сатылып жатыр. Бұл шаһардағы ең төмен көрсеткіш, дейді жергілікті бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы.
Бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен дәріхана басшылығы меморандумға қол қойып, жұқпалы инфекция саябырсығанша бағаны тұрақты ұстауға келісті. Енді «Семейньое здоровье» дәріхана желісінде бетперде бағасы 15 теңге болып бекітілді.
Бәсекелестікті дамытушылардың пайымынша, осындай келісім арқылы бетперде құнын тұрақтандыруға болады.
Диас ЖӘНІБЕКОВ, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы
Атырау облысында дәрі-дәрмектер бөлшек сату нарығы жеткілікті дамыған. Оған қоса барлығы бәсекеге қабілетті. Сондықтан біз нарықтағы өзге де дәріхана иелері бәсекелестік үшін бетперде құнын төмендетеді деп күтеміз.
Бүгінде аталған дәріхана қорында шамамен 400 мыңға жуық маска бар. Бұл шамамен 3 айға жеткілікті. Медициналық масканы сатып алуға белгілі бір шек қойылмаған. Еске салсақ, карантиндік шектеулер қатаңдатылған тұста ел бойынша бетперде құны артып, 200 теңгеге дейін көтерілген еді.
Бұл жағдай облысты да айналып өтпей, бетперде тамшылығы да сезілді. Жеке кәсіпкердің сөзінше, бетперде бағасының құбылуына өзіндік себеп болды.
Сұңқар МӘЛІКҰЛЫ, «Семейньое здоровье» дәріхана желісінің басшысы
Маска фирмаларда,шығаратын зауыттар да жоқ болды.Сол себептен масканың бағасы қымбат болды.Ол кезде маскаға шектеулі баға 30 теңге болатын. Бізге маска өндіріс орнынан 15 теңгемен келіп тұр, Сол 15 теңгемен масканы сатып жатырмыз.
Дәріхана басшысының айтуынша, масканың қымбат болуы жеткізушілердің бағасына тікелей байланысты. Сондықтан, тікелей жергілікті бетперде өндірісімен айналысатын серіктестен алғандықтан, баға тұрақты болып қала бермек. Жалпы, облыс бойынша 200-ден астам кәсіпкер дәрі-дәрмек саудасымен айналысады. Бірақ, бетпердеге сұраныс жоғары болғандықтан дәріханалардағы әртүрлі.