Атырау, Caspian Life. Қосақ арасында кеткен KPI компаниясы түсінік берді.
Айта кетейік, жақында ғана экология департаменті «Bazis Construction» мен «Karabatan Utility Solutions» компанияларының сарқынды суды жер үстіне ағызғанын хабарлаған еді. Ал KPI атаулы компаниялармен аумағымыз бір болса да, олар біздің құрылыс жұмыстарымызға жауапты емес – дейді.
: Болат АБДУАЛИЕВ, «KPI» компаниясының технология бойынша атқарушы директоры
Біз қазір құрылыс кезеңіндеміз. Ал құрылыс кезеңінде қандай да бір көлемде лас сулар шығару мүмкін емес. Және біз шығарып та жатқан жоқпыз. Ол БАҚ-та айтылып өткен екі компания біздің жобаға ешқандай қатысы жоқ.
Жарқынай Қанатова