Атырау, Caspian Life. Бейіт көтеріп бәсекеге түсу белең алды. Міне, осындай ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында жақында Қазақстан мұсылмандар діни басқарманың жанынан «Қамқор Шарапат» ЖШС құрылды.
Олар көз жұмған жанның артынан көл-көсір ысырапқа жол бермейтін бірізді жүйемен жұмыс істемек. Дегенмен шариғат заңдарын ұстанбайтын азаматтардың еркі өзінде, біздің тараптан – ұсыныс қана — дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы
Мешіттердің жанынан арнайы жерлеу рәсімдерінің барлығы басқарылу қажет. Өйткені қазір қарап отырсақ зираттардың барлығында әркім құлпытасты өз қалағанынша, әр түрлі деңгейде қойып жатқанын білеміз. Яғни кімнің қаражаты көп болса, оны әдемі қылып бір-бірімен бәсекелестікке түседі. Және сол арқылы өзін, дүниесін көрсекісі келіп, ысырапқа жол берудің алдын-алу мақсатында бұл қор ашылып отыр.
Жарқынай Қанатова