Атырау, Caspian Life. Атырауда жұмысшылар бас көтерді. Оған себеп, «Gruppo RF Kazakhstan» мекемесі 90-ға жуық азаматқа 25 миллион теңге шамасында бережақ. Наразы топтың сөзінше, шетелдік компания қараша айынан бастап 10-желтоқсанға дейінгі жалақыны беруден жалтарып жүр. Оған қоса, мекеме басшылығы азаматтарға еш себепсіз жұмыстан қысқартылғанын жеткізген.
Серіктестік тек жекелеген жандарға ғана емес, кәсіпкерлерге де шамамен 17 миллион теңге қарыз. Барлық зардап шеккен жұрттың алдына басшылықтың өзі шығып, жағдайды түсіндіріп бақты. Италиялық компанияның Атыраудағы өкілдері Стефано Антими мен Светлана Мұратованың айтуынша, өздері де еңбекақыны күн санап күтіп жүр.
Светлана МҰРАТОВА, «Gruppo RF Kazakhstan» компаниясы менеждерінің орынбасары
Олар жалақымен қамтамасыз ету керек болған. Бірақ, әлі де күтудеміз. Компания барлық жағдайдан хабардар. Мен қарамағымдағы қызметкерлерден күте тұруын өтіндім, кейін медиаторлық келісімге келдік. Қазір компанияның есеп-қисабы тексеріліп жатқандықтан, жалақы төлеуді кейінге шегерді. Мен де бұл азаматтар сияқты айлығымды күтім жүрмін.
«Gruppo RF Kazakhstan» ЖШС «Базис-А» компаниясынан алдын-ала төлем ретінде 20 миллион теңге алғанмен, ол қаражат тек қызметкерлердің қазан айындағы айлығын өтеуге кетіпті.Түсірілім тобы мен қызметкерлердің көзінше шетелдегі басшылыққа хабарласқанмен, ешкім жауап қатпады.
Кейін мекеме алдына еңбек инспекциясның мамандары келіп, тексеріс жұмыстарының бүгін басталатынын жеткізді.
Дегенмен, жалақы мен жұмыстан айырылған азаматтардың айлыққа қашан қол жеткізетінін ешкім дәл басып айта алмады.
Нұрбейбі Теміртасова