Атырау, Caspian Life. Маңғыстаулық кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың тигізген шарапаты мол. Бір ғана «Бастау» бағдарламасымен жұмыссыздарды кәсіпке оқыту бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасы республика бойынша алдыңғы қатарға шықты.
990 жұмыссыз тұрғын білім алып, 632 жоба іске асқан. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асқалы облыста жеңілдікпен несие алған 107 жобаға барлығы 87 млрд теңге бөлінді.
Нәтижесінде, 750 жұмыс орны ашылды. Оның дені туризм, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау және тағы басқада салалар бойынша. Жобаның ең көбі Ақтау қаласы мен Мұнайлы және Түпқараған аудандарында жүзеге асуда.
Әлия АКИНОВА, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы
«Бизнес-мектеп» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 469 адам оқытылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында келесі компоненттер бойынша оқыту жүргізілді: Іскерлік байланыстар-5, Аға сеньорлар-3. Осының көмегімен қазір 2,8 млрд.теңгеге 67 жоба іске асырылып, 490 жұмыс орны ашылды.
Ақтаудағы «Атамекен» Микроқаржы ұйымы бизнесті несиелендіруде белсенділік танытып отыр. Өткен жылы 267 969 млн. теңгеге 51 жоба қаржыландырылып, 60 кәсіп ашылды.
СНХ: Ботагөз СЫНАБАЕВА,«Атамекен» МҚҰ директоры
2021 жылға арналған несие көлемі микроқаржы ұйымының айналымда жүрген қаражаты есебінен жылына 200 млн.теңге деңгейінде болады және Аграрлық Несие Корпорациясы арқылы түсетін қаражат 2017–2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 200 млн. теңге мөлшерінде қаржы алу қарастырылуда.
Өткен жылы наурыз айынан қазанға дейін 118 кәсіпкерге карантинге байланысты шаралар мен уақытша шектеулерді енгізу себебінен уакытында несиесін төлеуге қиындық туындаған кәсіпкерлерге төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді.