Сайлау жақындаған сайын, партия үміткерлерінің үгіт-насихат жұмыстары қыза түсуде. Бүгін Zoom платформасын арқылы облыстық мәслихатқа үміткерлер жастармен, қала белсенділерімен кездесіп, «Nur Otan» партиясының облыс тұрғындарын әлеуметтік қолдау бағытындағы жоспарымен бөлісті.
2025 жылға дейін:
— 10 ірі кәсіпорын және 103 мың жаңа жұмыс орнын ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
— экологияны жақсарту үшін кәсіпорындарды жаңғыртып, ластаушы заттардың көлемін 12% қысқартамыз және 25 мың ағаш отырғызу;
— 3,5 млн. шыршы метр тұрғын үй салып, 7 мың әлеуметтік тұрмысы төмен азаматты баспанамен қамтамасыз ету;
— 10 медициналық нысан салып, 53 жедел жәрдем көлігін жеткізіп денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
— 11 жаңа мектеп, 56 балабақша салып, оқу-тәрбие процесін жақсартамыз, — дейді үміткерлер.
Ж әне де мұнай саласында қызмет ететін Шетел Экспаттары мен жергілікті қызметкерлердің жалақысын теңестіру бастамасын көтеріп отыр.
Партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау үшін Фракция 55 заң жобасына бастамашылық етті, соның ішінде Ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша, Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиянды ақпараттан қорғау туралы және Тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша Партия тарапынан қажетті өзгерістер заңнамаға енгізілгенін айтты.
Сөз соңында қала тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.