Атырау, Caspian Life. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа қайта кірді.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтында жарияланған матрицаға сәйкес, коронавирустың «қызыл» аймағында Атырау облысы тұр. Күні кеше ғана қауіпті аймақта бірде бір өңір қалмаған еді. Өткен тәулікте Атырау облысында 101 адамнан вирус табылды.
«Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары енді.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, «қызыл» аймаққа енген облыстарда карантин қатаңдатылады.
«Сары» аймақтағы өңірлерде бұған дейін енгізілген шектеу шаралары сол күйі қалып, олардың сақталуын бақылау күшейеді.
Ал «жасыл» аймақ эпидемиологиялық ахуал тұрақты және шектеу шараларының жеңілдеуі мүмкін екенін білдіреді.
6 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 159 044 адам індетке шалдықты.