Атырауда сушидан уланғандар саны 43 адамға дейін өсті.
Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (ДСЭҚ) мәліметтері бойынша, 28-30 желтоқсан аралығында Жылыой аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне 43 адам тамақтан уланып жеткізілді.
Олардың ішінде 38 науқас ауруханада, жағдайлары орташа дәрежеде.
Қалған 5 адамның жағдайы тұрақты болғандықтан, амбулаториялық ем алуда. Науқастардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік улану белгілері байқалған.
Қазір осы фактіге қатысты құқық қорғау органдары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеру жүргізіп жатыр.