Атырау облысындағы Жылыой аудандық орталық ауруханасына сушиден уланған тағы 8 адам түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тағы 8 адам ауруханаға жүгінген.
«Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.