Ақтауда дау тудырған үлескерлердің жағдайы әлі де болса өзекті. Десе де, бұл түйткілді мәселенің шешімі бар дейді әкімдіктегілер. Ақ жағалылар «Тастемір ЛТД» компаниясының «Гаухар тас » тұрғын үй кешеніне қаражат салып алданғандар баспаналы болады деп сендіреді. Бірақ нақты қашан екендігін дөп басып айта алмады. Өйткені, әзірге әкімдік өкілдері басқа мердігерлермен келіссөз жүргізіп жатқан сыңайлы.
Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Бұған дейінде қала әкімдігінде бірнеше құрылыс компаниялармен жиналыс өтті. Соның ішінен өзінің ұсынысын берген екі компания болды. Қазір «К-7» груп компаниясы тұрғындарға өзінің ұсыныстарын берді. Тұрғындар осы жұмыстармен толықтай танысып, 6 адамға қаражаттарын кері қайтару жөнінде жұмыстар жүргізіліп бастады.
«Гаухар тас» тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 500-ге жуық үлескер бар. Олар бір жыл бұрын іргетасы қаланбаған үйге 2 млрд теңге қаражат салыпты. Бір қызығы, «Тастемір ЛТД» компаниясының тұрғын үй құрылысын салуға 4 учаскесі болғанымен, жердің иелері әртүрлі. Солардың кесірінен 15 салымшы көк тиынсыз, әрі баспанасыз далада қалу мүмкін.
Дастан ОРДАБАЕВ, үлескер
Бүгінгі таңда еш нәрсе шеше алмай отырмын. Шамасы келгенше үй алатын шығармын. К-7 груптан деп ойлап отырмын. Бағасы енді біздің келіскен бағадан әлдеқайда қымбаттырақ. Оған енді өз басым келісетін шығармын. Басқа халық енді жеке жеке кездескенде өз мнениеяларын айтады ғой.
Егер аталған компания нақты келісімін берсе, онда бұл проблеманың басым бөлігі шешілу мүмкін. Ал әзірше мұның бәрі сөз жүзінде ғана қалмаса болғаны.