Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен онлайн баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, президенттің тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып отыр.
«Президент Қ.Тоқаев 4 жыл ішінде педагогтардың жалақысын екі есеге көбейтуді тапсырды. Осы тұрғыда алабақша тәрбиешілері, колледж, ЖОО оқытушылары назарға алынды. Яғни, ұлттық университеттерде жұмыс істейтін оқытушылардың жалақысы 28 пайызға, мемлекеттік университеттегілердікі 20 пайызға көбейеді. Заң қабылданып, тиісті норма бекітілді» деді.
Сондай-ақ, Аймағамбетов педагогтар 2020 жылдан бастап күніне екі құжатты ғана толтыру керектігін айтты.
«Біріншісі – сынып журналы, екіншісі – сабақ жоспары. Оның өзі электронды негізде. Қалғанын алып тастадық. Осы талапты орындамаған басшыларға тиісті шара ұйымдастырып жатырмыз. Биылдың өзінде 50 жұмыс жүргізілді. ЖОО бойынша 11 құжатты алып тастадық. Бұл қағазбастылықтан арылуға әкелетін жол» деді министр.