Нидерландыда польшалық бірнеше дүкенде жарылыс болды. Екі күннің ішінде 3 дүкеннің күлі көкке ұшқан. Оның екеуі бір адамға тиесілі. Жарылыс түнде болғандықтан зардап шеккендер жоқ.
Мохамад Махмуд, дүкен иесі
Не болып жатқанын түсінбедік. Қандай ниетпен жасалып жатқанын білгіміз келеді. Полиция кінәлілерді табады деген үміттемін. Жақын арада бәрі де белгілі болатынына сенгім келеді. Екі күн қатарынан болған жарылыс үшінші күні де жалғаспасын деп тілеймін.
Құқық қорғау органдары нақыт ақпарат таратпай отыр. Жарылысқа не себеп болғаны да белгісіз. Тіркелген үш оқиғаның бір-біріне байланысы бар-жоғын дәлелдейтін деректер де табылмаған көрінеді.