Италияның солтүстік аудандарында ауа райы қаһарына мінді. Ылғал қардың салдарынан кей жерде ағаштар мен электр бағандары құлап, 7 мыңға жуық үй жарықсыз қалған.
Жексенбі күні қар тазалайтын техникалар Випитено мен Бреннер арасындағы тасжолды толығымен тазалай алмады. Ал Орталық Италияда нөсер жаңбыр мен қардың еруі су тасқынына ұласты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Жолда көлікпен жүру де мүмкін болмаған. Синоптиктердің болжауынша, бұл ауданда алдағы күндері де жаңбыр болады.
Қыстың бұл қылығы Адриат теңізінің хорватиялық жағалауына да зиян келтірді. Оңтүстіктен сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан жел орталық Далмациядағы Сплит және Шибеник қалаларына жеткен. Нәтижесінде, Хорватиядағы барлық кеме тасымалы тоқтады. Кастели мен Рогозница қалаларында қатты жаңбыр жауып, толқын 6 метр биіктікке дейін көтерілген. Жағалауда тұрған шағын қайықтар суға кеткен.