Джо Байден әкімшілік құрамын жаңартуға кірісті. Шайқаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін берілетін «Күміс жұлдыз» марапатының иегері Джон Керри енді елдің климатын қорғаумен айналысады. Ал экс-мемлекеттік хатшыны экология мәселелеріне жетекшілік ететін арнайы өкіл етіп тағайындады.
Бұл лауазымдағы тұлға автоматты түрде Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайланады. Энтони Блинкен – сыртқы саясат бөлімінің жаңа басшысы. Ол еңбек жолын тілші қызметінен бастаған. Кейін Колумбия университетінің құқық факультетін бітіріп Гарвард дипломын алған. Ақ үй қабырғасы оған бұрыннан таныс. Себебі, ол Барак Обаманың кезінде Ұлттық қауіпсіздік көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, Ақ үй мақұлдаса, АҚШ тарихында алғаш рет ішкі қауіпсіздік министрі болып кубалық иммигрант Млехандро Майоркас тағайындалады.
Ал БҰҰ-ның тұрақты өкілі ретінде Линда Томас-Гринфилд кандидатурасы ұсынылса, Ұлттық Барлау департаментін 51 жастағы Эврил Хайнс басқармақ. АҚШ-тағы Орталық банктің қазіргі басшысы Дженет Йеллен, Сенат мақұлдаған жағдайда Қаржы министрінің орнына ауысады және бұл лауазымға ие болған алғашқы әйел болады. Жаңа құрам НАТО мен Еуроодақ альянстарын нығайтуды көздеп отыр.