Мысыр археологтары үш мың жылға жуық уақыт сақталған 100-ден астам саркофаг, жерлеу орындары мен ондаған мүсін тапты.
Ғалымдар тереңдігі шамамен 12 метр болатын 3 жерлеу құдығын ашқан. Жәдігерлер жақсы сақталған. Көптеген саркофагта мумия да болған. Мамандар бұл жерде ағаштан саркофаг жасап шығаратын үлкен шеберхана болған деп болжап отыр. Егер ол нақтыланса, египтология тарихындағы ең ірі және құнды жәдігерлер қатарына кіруі мүмкін.
Археологтар бірнеше ай бойы пирамидадан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерде орналасқан Саккараның үлкен қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол маңда Ежелгі Египеттің астанасы болған Мемфис бар. Ғалымдардың айтуынша, әзірге Саккарадан табылады деген жәдігерлердің 1 пайызы ғана қазылған.