Ел «пандемия» деп дүрбелеңге түскенде дер кезінде ресми ақпарат таратып, керек кезде сабырға, кейде тәртіпке шақырған БАҚ өкілдерінің еңбегін бағаламау мүмкін емес. Өзгелер карантинде қамалып қалғанда өз денсаулығын құрбан ете отырып қызмет қылғандардың бірі – осы журналистер.
Бақытгүл ХАМЕНОВА, Атырау облысы әкімінің орынбасары
Халықты үрейге бөлеген індеттен сақтандыруда облысымызда бұл бағытта жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды және орын алған түйіткілді мәселелерді талдап жазуда БАҚ өкілдері де ерекше көзге түсті. Көптеген журналист осы індетпен күресте емдеу мекемелеріне аяқтай барып, күндіз түні мігірсіз атқарылып жатқан жанкешті шараларды көзбен көріп, оқиға орнынан тікелей репортаж жасағанына куәміз.
Қауіпті індет облысқа енген бойда шапшаңдық танытып, елді шынайы мәліметпен ақпараттандырған БАҚ саласының 10 қызметкеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолтаңбасы қойылған марапат – «Халық алғысы» медалі табысталды.