Мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді. Карантиндік шектеулердегі соңғы өзгерістерге байланысты бес парыздың бірін 2 қарашадан бастап ұжыммен орындауға болады.
Алайда жұма намазы оқылмайды. Санитария талаптарына сәйкес, мешіттің 30 проценті ғана толуы тиіс, залдағы адам саны да 100 адамнан аспауы шарт. Сондай-ақ, Алла үйіне келгендерге бетперде тағып, екі метр арақашықтық сақтау міндеттелді.
Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы
Тек жұма намазынан басқасының барлығына рұқсат бар. Яғни, неке қиылуы, құранның оқылуы және де жамағатпен намаздың өтелуі сияқты мешітте атқарылатын шараларға санитарлық тәртіпті сақтай отыра өткізуге рұқсат етілді.