Ақтауда балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері үкіметтен жеңілдікпен берілетін баспанадан қағылдық деп шағымдануда. Олардың пәтер әлегімен жүргеніне 12 жылдың жүзі болыпты. Айтуынша, қалалық әкімдіктегі үй кезегіне 2008 жылы тіркелген. Алайда баспана кілті әлі күнге дейін бұйырмапты. Ал мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алудың өзі қиын дейді. Қазір олар уақытша бейімдеу орталығын паналап отыр. Бірақ бір күні осы жерден де қуып шыға ма деген үрейдің мазалайтыны рас.
Райымбек БЕКТҰРОВ, Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі
Үйге очередке тіркеле алмай жүрмін детдомнан шыққалы.Өзімде ешқандай мүлік не мұраға қалған ақша жоқ. Қайта-қайта барып шаршадым. Түсінбейсің неге екенін. Кезекке тұра алмай жүрмін.
Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері осы жылы баспаналы болуы тиіс еді. Алайда көпшілігіне әкімдіктен табыс көлеміне байланысты үй беруден бас тартылғаны туралы жауап келген.
Динара АЙЖІГІТОВА, Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі:
— 4 баланың анасымын. Тамызда үйге құжат тапсырыңыздар деді. Енді сізге бас тартылды деп хабарласып тұр. 32 мың теңгеден аспайтын табысы болуы керек деген қайдан шыққан заң? Ондай қаржымен отбасымызды бағамыз ба, үй аламыз ба?
Сергей МАНАНИКОВ, Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі /аударма/
-Үй алуға құжат тапсырып едім, қабылдамай қойды. Сен ресми жұмыс жасайсың дейді. Ал жекеменшік мекемелерде, сауда орындарында жұмыс істейтіндердің құжаттарын қабылдап жатыр. Олардың да жалақысы дәл біздікіндей. Олар үкіметке салық төлемейді.
Әкімдіктегілердің сөзінше, жетімдер баспана кезегі келіп жеткенше тізімнен алынбайды. Тек қазір пәтер кілті бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған осал топтағы отбасы санатындағыларға бөлінеді. Талап бойынша табысы бекітілген күнкөріс деңгейінен асып түссе, бұл бағдарламаға ілікпейді. Яғни, отбасындағы табыс көлемі әр адамға шаққанда 32 мың теңгеден аспауы тиіс.
Жадыра ӘУЕЗОВА, Ақтау қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
02: 13 — Жетім балдардың құжат тапсырғандардың ішінде Нұрлы жер бағдарламасы бойынша 2020-2025 . Талаптары кезкелген кезекте тұрған азамат . Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен асатын топтарға пәтер бөлінбейді. Тек қана аз қамтылған отбасыларға бөлінеді. Сол талаптардың негізінде құжаттары қаралу барысында жетім баланың 20 ң құжаты қабылданып, ал 8-ің бас тартылды.
Қалалық әкімдіктегілердің сөзінше, құжаттары «Нұрлы жердің » шарттарына сай келмеген азаматтар енді «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы өтініш бере алады. Ал жалпы қала бойынша он бір мың адам пәтер кезегіне тіркелген. Оның 600 –і жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар.