Облыстық басқармалардың жергілікті қазынаны қалай-солай пайдаланғанының кесірінен қаражаттың басым бөлігі да қолды болған. Мұндай жағдай аудиторлық тексеріс кезінде анықталып отыр. Мысалы, өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге арналған «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 35 млрд теңге бөлінген. Алайда қаржы қажеттіліктерге жүйесіз жұмсалған. Сонымен қатар, кей мердігер компаниялардың жұмысшылармен еңбек келісім-шарттарын жасаспағаны белгілі болды. Соның кесірінен 1000-нан аса жұмысшыға бірнеше ай бойы зейнетақы аударымдары түспеген.
Аслан ҚҰМАРОВ, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі
Жұмысқа орналастырылған жұмысшылармен кездесу кезінде және орталықтардағы базадан қарау бойынша 19 жоба бойынша 322 жұмысшы қызметкерлерінің көбі, аз уақыт жұмыс жасап 1-2 күн ішінде өз еріктерімен жұмыстан босатылғаны белгілі болды. Бұл жерде тапсырыс беруші мен орталықтар тарапынан жұмысқа орналасу және міндетті зейнетақы жарналарының болуы тұрғысынан мониторингтеді.
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану деректері облыстық денсаулық сақтау басқармасында да тіркелді. Емханалар мен ауруханаларға қажетті жабдықтар нарықтағы бағадан едәуір қымбатқа сатып алынған. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер арасында жүргізілген сауалнама пандемия кезіндегі дәрігерлердің жеке қорғаныс құралдарымен 100% қамтамасыз етілмегенін көрсетті. Мұндай мәселе ауыл шаруашылығы басқармасында да бар боп шықты. Турасын айтқанда, 32,5 миллион теңгеге қатысты түрлі заңбұзушылық анықталған. Енді тіркелген материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.