Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша облыстың білім сапасы көңіл қуантпайды. Жыл сайынғы PISA,ҰБТ, ОЖСБ сияқты сынақтардан ең төменгі нәтижені атыраулық оқушылар көрсетуде. Дегенмен сапаға көшу керектігін түсінген басшылық дербес білім беру ұйымдары және ресейлік орталықпен бірге жол картасын дайындап жатқанын айтады. Мамандар алдағы 3 жыл бойы жүргізілетін жобаның бастапқы жұмысына тоқталып өтті.
Айдана ШИЛІБЕКОВА, НЗМ педагогикалық өлшеулер орталығының директоры:
16 мектепті таңдап, сол 16 мектепкпен зерттеу жүргізуді көріп отырмыз. Яғни 16 мектеп анықталғаннан кейін ол мектептің инфрастурктурасы,құрамы жанағы педагогтер құрамы , содан кейін барып оқушылардың олқылықтарын анықтайтын жұмыс толыққанды жан-жақты болып тұрады. Содан кейін барып 16 мектептің 4 және 8- сыныпта мониторинг жүргізуді көріп отырмыз. Яғни ол білім сапасының деңгейін анықтау.
8 жобадан құралған жол картасы ең алдымен өңір мектептеріне анализ жүргізуді көздейді. Сосын «Мүмкіндіктер мектебі» , «Қосымша білім беру» және «Оқушылардың әл-аухатын жақсарту» жолында жұмысын жалғастырмақ.
Нұрлан ҚИЯСОВ, «МБжҚИ» орталығының директоры
Цифрлық технологиялардың өзгеруіне байланысты үлкен жұмыс керек. Интернет цифрлық технологияға басқа салаларға қарағанда білім жүйесіне енді кіріп жатыр. +00:05 Екінші мәселе әрине бұл кадр мәселесі. Білім жүйесінің сапасы мұғалімдердің кәсіби деңгейлерінен ешқашан жоғары болмайды. Сондықтан да мұғалімдердің кәсіби деңгейін, басқару жүйесін соның бәрін үлкен көңіл бөлуімі керек.
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» дербес білім беру ұйымдары мен Мәскеу болат және қорытпалар институтының орталығы ұсынған жобаға облыстық әкімдіктің өкілдері пікір білдіріп, қосымша ойлар айтты. Енді өңірдегі білім сапасын көтеру мақсатында жасақталған арнайы топ келесі жылдан бастап жұмысқа кіріспекші.