Мемлекеттік қызметтерге сұраныс көбейген сайын оның мерзімінен кешіктіріліп көрсетілетіні байқалған. Бұл құзырлы органдарға жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижесінде белгілі болды.
Осы жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мәселе көтерілді. Жер қатынастары, денсаулық сақтау саласындағы, сондай-ақ басқа да жаппай сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің электронды түрге көшу процесіндегі жұмыстар талқыланды.
Данияр АЛТЫБАЙ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОД басқарма басшысы
Электронды веб порталы арқылы түскен мерзіміанықтаманың ашылмайтындығы және автокөліктерге мемлекеттік тіркеуде жүргізу барысында, интерпол базасында және кедедік рәсімдеуден өткендігі жөнінде тексерілудің жай жұмыс жасайтындығы анықталды. ++Осы жағдайда департамент пен тиісті органдардың шұғыл әрекет ету нәтижесімен бұл мәселе жолға қойылып, қазір мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетілуде.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОД жанынан құрылған жұмыс топтары жаппай сұранысқа ие қызметтердің сапасы сала қызметкерлерінің өзіне тікелей байланысты екенін айтады.