Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы пандемияның екінші толқынына дайын екендерін мәлімдеді.
Дегенмен облысқа келген арнайы комиссия 12 пункт бойынша тексеріп, 3 тармаққа сай келмейтін тұстарын анықтаған. Оның ішіне медициналық мекемелерде дене қызуын өлшеп кіргізудегі кемшіліктер, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының аздығы және фильтр кабинеттерінің талапқа сай еместігі кіреді. Ал басқа көрсеткіштер бойынша толық дайын көрінеді. Мәселен, қазір 130 реанимация орны сақадай сай тұр. Өңірде қатерлі індетке қарсы 14 стационар жасақталған. 280 дәрігер алдын ала дайындықтан өткен. Сондай-ақ, 259 тыныс алу аппараты аурумен күресуге толығымен жетеді деген болжам бар. Жалпы, құрал-жабдық тапшылығы жоқ деп сендіреді мамандар.
Жамал ЖАМАНБАЕВА, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Ал дәрі қоры үш айға дейін запасымыз бар. Толық жетеді. Барылық мед мекемелер СК-Фармациямен өтінімдерін жасалған. 800 мллион теңге үстінде дәрі-дәрмектерге өтінім жасады. Бүгінгі таңда дәрі – дәрмектер жоспарлы уақыты бойынша келіп жатыр. Осы дәрі қоры 3 айға жеткілікті.
Облыста дәрі-дәрмектің үш айлық қорына 800 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Енді екінші толқын кезінде сан соғып қалмас үшін тұрғындардың да сақтық шараларына мән беруі маңызды болмақ.