Атырауға шетелден келген 22 жолаушы карантинге жатқызылды. Өйткені, олардың қолында міндетті түрде ПТР-тестілеудің теріс нәтижелі қорытындысы болуы керек еді. Бұл – Қазақстанға өзге елден келген азаматтарға қатысты санитария ережелерінің қатаңдатылғанынан бір көрініс.
Ал соңғы екі күнде шекара асып мұнайлы қалаға келген 226 азаматтың ішінде Түркиядан келген 18 жолаушынының тестілеуі теріс нәтиже бергендіктен, қазір босатылған.
Гүлнар ЕРБАТЫРОВА, Атырау облысы бас санитар дәргерінің орынбасары
Шетелден келген азаматтардыңкоронавирустық инфекцияға теріс мәнді анықтамасы қолдарында болған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әрі қарай жіберіледі. Ал анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен анализ алынады коронавирустық жұқпаға белгіленген орынға екі күнге анализдің нәтижесі шыққанға дейін оқшауланады.
Атырау пандемияның екінші толқынына дайындалуда, ол үшін карантиндік стационарларда 165 төсек-орын жасақталған. Эпидемиологтар бара-бара стационарлық орталықтардың көбейетінін айтады. Қазір Атырау әуежайы халықаралық рейстерден Стамбул мен Амстердамнан келетін ұшақтарды ғана қабылдайды. Алайда алдағы уақытта Түркиядан келетін рейстер саны біртіндеп азаймақ. Бұл басқа елдермен арадағы әуе қатынасы жанданады деген сөз емес.