Салыққа байланысты сұрақтарды енді call-орталықтан біле аласыз. Ол үшін 1414 бірыңғай нөмірі арқылы төртінші тетікті бассаңыз, облыстық кірістер департаментінің мамандарына өтіп, қажетті ақпаратты алатын мүмкіндік бар.
Мамандардың айтуынша, жүйе тұрғындар мен мемлекеттік қызметкер арасындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға әрі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға көмектеседі.
Қазір call-орталықта жұмыс істейтін 3 маман 5 күн ішінде орташа есеппен 200 қоңырау қабылдайды. Одан бөлек, демалыссыз жұмыс істейтін телеграм, инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде ресми парақшалар іске қосылған. Мұндай жаңашылдық департаментке аяқтай келушілердің санын бірнеше есеге азайтқан.