«Харекет» қоры бейнеулік көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. Олар осымен 274-інші отбасыға пәтер табыстап отыр.
Жалғызбасты ана Арайлым Жамансариева 4 бала тәрбиелеп отыр. Бейнеу ауданына бала кезінде отбасымен бірге көшіп келген ол төрт жылдан бері пәтер жалдап тұрады.
Арайлым ЖАМАНСАРИЕВА, Бейнеу тұрғыны:
Бүгін маған баспана кілтін тапсырып жатқан «Харекет» қорының барлық мүшелеріне алғысым шексіз. Осыған дейін пәтер жалдап келдік. Міне, енді өз үйіміз бар. Барлығыңызға үлкен рахмет.
«Мың теңгеге баспана» атты жоба аясында берілген 274 пәтердің төртеуі бейнеуліктерге бұйырды.