Биыл тамызға дейін Атырау қаласы аумағында түрлі жағдайдағы 110 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың салдарынан 2 адам қаза тапса, 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алған. Негізгі себептері – электрлік және газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау. Соның кесірінен материалдық шығын келіп, тұрғындар баспанасынан айырылған. Тіпті адам қазасы тіркелді.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі» ММ қызметкерлерімен және жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй секторларын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.