Шетпе кентіндегі «Жаңа орпа» шағын ауданының №2 көшесі бойындағы асфальт жолдан 6 сынама алынып, соның төртеуінен бірқатар кемшілік анықталған. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабар таратты.
Сондай-ақ, «Ащыбұлақ» ықшамауданындағы Е.Қосбаев атындағы көше мен №7 орта мектеп – «Каспий цемент» зауыты аралығындағы трассадан 7 сынама алынып, барлығы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Бақылау нәтижесі құзырлы органға және жолға тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме, мердігер мекемеге қызметтік хат түрінде жолданған.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шетпе кентіндегі асфальт жолдардың құрылысына шілде айында бақылау жүргізді.