Атыраулық шаруалар алғашқы өнімді жинай бастады. Биыл облыс аумағындағы егістік көлемі 10 мың гектардан асты. Оның ішінде 675 га жерге картоп, 2500 га көкөніс, 1350 га бақша өнімдері, 5625 га мал азығы егілген. Қазір шаруалар ерте егілген көкөністерді жинап, саттыққа шығаруға дайындалып жатыр. Солардың бірі Махамбет ауданында орналасқан «Дастан» шаруа қожалығы. Мұнда мамандар 120 гектар алқапқа егілген картоп, тәтті бұрыш, баялды, қызанақ, қияр, орамжапырақ және басқа да бақша өнімдерін жинауға кірісіп кеткен.
Айдос БАЙНИЯЗОВ, «Дастан» шаруа қожалығының агрономы
— Әзірге көктемде ерте салған өнімдеріміз ерте пісетін сорттар қазір ғана жейтін өнімдер. Ал сақтайтын сорттарды күзде болады. Сол уақытта жинап бастаймыз. ++Биылғы ауа-райы қолайсыз болды. Көктемде жауын-шашын көп болды. Қазірде өздеріңіз білесіздер жауын-шашын бар. Күн ысып кете алмай тұр.
Жарқынай ҚАНАТОВА, тілші
— Мына картоптың сорты колумбо деп аталады. Шамамен 25 гектар жерге егілген. Шаруалар осынша аумақтан 450 тонна өнім аламыз деп күтіп отыр. Бұл ерте піскен өнім сақтауға келмейді. Бірден саттыққа шығады.
Биыл Махамбет ауданында 4785 га жерге егін егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 га көп.
Олжас МЫРЗАБАЕВ, Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
— Биыл 7 шаруа қожалығына 80 тоннадан астам көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. 11 шаруа қожалығына 300 тоннадан астам аммиак селитрасына келісімшартқа отырып, жеңілдетілген бағада алды.
Айта кетейік, өңірде егін салумен айналысатын 250 ден аса шаруа қожалығы бар. Биыл облыс бойынша көктемгі дала жұмысына 780 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Оның ішінде 450 трактор, 330 ауыл шаруашылығы машиналары мен су насостары.
Жарқынай Қанатова

