CaspianLife, 4 маусым. Ақтөбе қалалық соты жергілікті 35 жастағы тұрғынды 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оған әлеуметтік желідегі тікелей эфирде домбыра тартуды «харам» деп атап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін қорлағаны себеп болды.
Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі – діни алауыздықты қоздыру бойынша кінәлі деп таныды. Сотталған азамат жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Аталған жазба әлеуметтік желілерде кең тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін мойындап, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

