CaspianLife, 31 наурыз. Ағымдағы жылдың басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҚКК) полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның өңірлерінде қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары өткізді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында атап өтілгендей, заңсыз айналымнан 118 бірлік қару алынды, оның ішінде 6 дана «Калашников» автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, сондай-ақ 15 граната және 859 оқ-дәрі бар. Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.