Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлар мен теңіз және өзен порттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелді», — деп жазды А.Смадияров өзінің ресми Telegram-арнасында.

