CaspianLife, 10 қараша. Астрахань қаласында Царев өзен арнасында екі шағын қайық соқтығысты. Оқиға 8 қараша күні болғанын Ресей Тергеу комитетінің Батыс өңіраралық көлік тергеу басқармасының Астрахань тергеу бөлімі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан бір қайықтың жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған. Ал екінші қайықтағы адамдар дін аман.
Қазіргі уақытта болған жағдайға байланысты Ресей Қылмыстық кодексінің 263-бабының 1.1-бөлігі бойынша («Су көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу») процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеушілер оқиға орнында тексеру жүргізіп, апатқа әкелген себептер мен жағдайларды анықтап жатыр.

