Caspianlife, 28 қазан. 2025 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бес шетел азаматы дайындап жатқан терактінің алдын алды.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың барлығы ұсталып, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, биылғы қыркүйек-қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен сегіз қазақстандық қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу барысы туралы ақпарат жариялауға жатпайды.
Осы кезеңде ҰҚК материалдары бойынша терроризм және экстремизм бағытындағы қылмыстар үшін алты адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жалпы, жыл басынан бері осындай қылмыстар үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың алтауы – шетел азаматы.

