Caspianlife, 28 тамыз. Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің (ЭТД) деректеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірде жүргізілген шаралар барысында акциздік маркасыз 19 779 дана темекі өнімдері анықталып, тәркіленді.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ЭТД басқармасының бастығы Бекболат Әнесовке сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, аталған деректердің барлығы бойынша материалдар сотқа жолданып, оң шешім шығарылған. Нәтижесінде заңсыз темекі өнімдері сауда нүктелерінен алынып, жойылды.
— Заңсыз айналым тек салық түсімдерінің азаюына ғана емес, сонымен бірге халық денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты акциздік маркасыз тауарларды сату және тұтыну қатаң түрде тыйым салынады, — деді Бекболат Әнесов.
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтарға акциздік маркасыз темекі өнімдерінің саудасы туралы деректерді құзырлы органдарға хабарлау мүмкіндігі әрқашан бар екенін еске салды.