CaspianLife, 16 мамыр. Атырауда Қарабатандағы қойма алаңдарына кіреберіс жол салу және аумақты абаттандыру мәселелері қоғамдық тыңдауда талқыланды
13 мамырда өткен бұл қоғамдық тыңдау «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қолдауымен ұйымдастырылды. Айта кету керек, бұл «WF Waterfall.kz» ЖШС жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» бөліміне қатысты қайталама қоғамдық тыңдаулар болды. Тыңдау Қарабатандағы қойма алаңдарына кіреберіс жол салу және аумақты абаттандыруға арналды.
Қоғамның сұрауы бойынша 6 мамырдан кейінге шегерілген бұл шараға экологиялық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, бизнес пен өңір тұрғындарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында жобаның экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілері талқыланды.
Талқыланған негізгі мәселелер:
— Құрылыс кезінде шаңның таралуын азайту шаралары
— Нысанды сумен қамтамасыз ету және өңірлік инфрақұрылыммен байланыс
— Әлеуметтік-экономикалық аспектілер: жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, шағын бизнесті қолдау
▪ Құрылыс кезеңінде 350 адамға дейін, негізінен Атырау облысының тұрғындары жұмысқа тартылады
▪ Зауыт пайдалануға берілген соң 300 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр
▪ Компания жергілікті оқу орындары және жұмыспен қамту орталықтарымен серіктесуге дайын екенін мәлімдеді
— Экспорт және ішкі нарық: өнімнің (БОПП-пленка) 95%-ы экспортқа бағытталғанымен, «Waterfall.kz» компаниясы сұраныс артқан жағдайда ішкі нарықтағы жеткізілім көлемін ұлғайтуға дайын екенін айтты
— Экологиялық жауапкершілік: жобада халықаралық стандарттарға сай технологиялар қолданылмақ
Тыңдау кезінде сөз сөйлеген «WF Waterfall.kz» ЖШС-нің бас директоры Камал Тоқсанов бұл жоба — тек өндірістік инвестиция емес, сонымен қатар өңір дамуына қосылатын үлес екенін атап өтті:
«Біз жергілікті қоғамдастықпен диалог орнатуға мүдделіміз және Атырау облысына барынша пайда әкелу үшін тәуекелдерді азайтып, ашық жұмыс істеуге дайынбыз», — деді К. Тоқсанов.
«Waterfall.kz» ЖШС жобаны барлық ескертулерді ескере отырып жүзеге асыруға дайын екенін растады. Компания өкілдері бұл жобаның өңір үшін маңызын — жұмыс орындарын ашу, импортты алмастыру және Атырау облысының экономикасын нығайту тұрғысынан ерекше атап өтті.
📌 Ескерту: Биаксиалды бағдарланған полипропилен (БОПП) пленкасы – тағам өнімдері мен күнделікті тұрмыстық тауарларға арналған жұмсақ полимерлік қаптама, жапсырма мен скотч өндіруде қолданылады. Өндіріс технологиясы оған жоғары беріктік пен икемділік береді. Мұндай пленка жоғары қорғаныс қасиетіне ие, әртүрлі агрессивті ортаға төзімді, адам денсаулығына зиянсыз. Алайда бұл материал қоршаған ортаны ластайтын ең кең таралған механикалық қалдықтардың бірі саналады.