CaspianLife, 24 қазан. Бұған дейін жұмыстар 1 қазаннан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкес және ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген кесте бойынша жүргізілетіндігі хабарланған.
Атырау мұнай өңдеу зауыты баспасөз қызметі хабарламаны таратты, онда графиктен бұрын технологиялық қондырғылардың іске қосылғаны туралы айтылған: каталитикалық риформинг, күкірт өндіру, жеңіл газойльді гидротазарту, нафтаны селективті гидрогенизациялау, нафтаны гидротазарту, бензин мен дизель отынын гидротазарту жасау үшін құрамдастырылған қондырғы, ЭЛТҚ-АВҚ-3, күкірт өндіру үшін құрамдастырылған қондырғы.
Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы өңдеуге арналған ЭЛТҚ-АҚ-2 қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары, ал каталитикалық крекинг, сұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру және бутендерді олигомеризациялау қондырыларында іске қосу алдындағы жұмыстар жүргізілуде. Жабдықтар кезегімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады.
«Бүгінгі күні товарлық дизель отыны тиеп жатыр және АИ-92 маркалы автобензинді тиеуге дайындалуда», — делінген хабарламада.