CaspianLife, 23 қырүйек. Тасқыннан кейін көлшіктерде қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстары әлі жалғасуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құтқарылған шабақтар оттегі толтырылған қораптар арқылы тасымалданып, Жайық және Қиғаш өзеніне тірі күйінде жіберіліп жатыр.
-Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен балық шаруашылығы субъектілері, “АрнаулыАвтобаза” ЖШС қызметкерлері және аумақтық әскери бөлімнің сарбаздары құтқару жұмыстарын жүргізуде. Құтқарылған балық шабақтарының түрі әралуан. Мәселен, сазан, табан, көксерке, жайын, мөңке шабақтарының орташа салмағы — 14 грамм, — деді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашев.
Анықтама үшін: маусым айынан бері қала аумағындағы каналдар мен көлшіктерден 20 393 000, Махамбет ауданында 1 308 000, Индер ауданында 11 410 000 ал, Құрманғазы ауданында 56 370 000 балық шабақтары құтқарылған.