CaspianLife, 3 қыркүйек. «Құлсары-Доссор» тасжолының 41,8 шақырымы орташа жөндеуден өтеді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім еткендей, тасқын салдарынан «Доссор-Құлсары-Ақтау» автомобиль жолының бүлінген аумақтары анықталды. Қазір орташа жөндеу жұмысына дайындық жүргізілуде. Бұл туралы «Қазавтожол» «ҰК» АҚ директорының орынбасары Аслан Дюсенов айтты.
«Мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жарияланды. Әйтсе де, жөндеу жұмыстарының жарты бөлігі келер жылы жалғасады. Өйткені, күн күрт суытқан жағдайда жол-құрылысы оң нәтиже бермеуі мүмкін. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында 101-102 шақырымдық жол астына темір-бетонды екі құбыр орнатылады», — деді ол.
Қазір «Мұқыр-Құлсары» автомобиль жолының бүлінген аумағына «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-гі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.