CaspianLife, 3 қыркүйек. Египетте 1-8 қыркүйек аралығында халықаралық информатика олимпиадасы IOI-2024 өтуде. Оған 90 елден 350 оқушы қатысуда.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының тізімі:
Максим Цой – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Ахмет Иса – Қызылорда облысындағы С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы;
Мансур Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
«Оқушылар екі кезеңде жарысқа түседі, әр кезеңнің ұзақтығы бес сағат. Халықаралық жарыстарға дайындалу үшін қазақстандық мектеп оқушылары бұған дейін жетекші университетте жаттығу курстарынан өтті», — деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.