CaspianLife, 27 тамыз. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов 28 тамызда сағат 15:00-де – С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Құрманғазы ауданының тұрғындарымен кездеседі. Жиында ауданда атқарылған істер мен алға қойған міндеттер талқыланады. Ал сағат 16:30-да — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Құрманғазы ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8(71233) 2-13-76