CaspianLife, 26 тамыз. Бұл туралы Атырау қаласы қорғаныс істері басқармасының бастығы Құрманәлі Жүнісбеков баспасөз мәслихатында мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 100-ге жуық, Қарулы Күштер қатарына 250, Ұлттық Ұланға 250 азамат аттанады. Сонымен қатар несиесі барларға мерзімді әскери борышын өтеу барысында «кредиттік демалыс» (14 ай мерзімінде) қаралған.
-Қазір азаматтардың денсаулығы тексеріліп, алғашқы медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Бұл жұмыстармен қатар зерделеу жұмыстары да қатар жүруде. Айта кетейік, әскери борышын өтеу барысында тәртібі жақсы және жауынгерлік дайындық сабақтарынан көрсеткіші жоғары болған азаматтар еліміздің кез-келген жоғары оқу орнына емтихансыз қабылданады, — деді Қ.Жүнісбеков.
Атырау облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеология жұмысы жөніндегі орынбасары Русан Ануаровтың айтуынша, қорғаныс саласына цифрлық технологияларды енгізу жұмсытары жалғасуда. Бұл процесс әскерге шақыру және әскери міндеттілердің есебін цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы мәліметтерді Электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.