CaspianLife, 25 маусым — «Ембімұнайгаз» — кен орындарына көлденең бұрғылау механизмін енгізген компаниялардың бірі. Бұл технология игеру шегі бірнеше жыл бұрын өтіп кеткен, қиын қазылатын мұнай қорларын шығаруға мүмкіндік береді. Көлденең бұрғылау арқылы қоршаған ортаға жіберілетін зиянды заттардың көлемінің азаятыны тағы бар. Көлденең бұрғылау вертикалдыға қарағанда 8-10 есе өнімді. Жалпы компания бұрғылаудың бұл түрін 2019 жылдан бастап белсенді қолға алып, сол жылы 4 ұңғыма пайдалануға берілді. Ал 2020 жылы жылы көлденең тәсілмен 9 ұңғыма бұрғыланған.
2022 жылы горизонтальды бұрғыланатын ұңғыма саны 55-ке жетті. Ұңғымаларды горизонталды бұрғылау жобасын енгізу және тарату жыл сайынғы мұнай өндіру жоспарын орындауға мүмкіндік берумен қатар, өндірілетін мұнайдың тәуліктік 1 тоннасының шығындарын 45 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Яғни, басты мақсат — қабаттың дренаждық ауданын ұлғайту арқылы қалған мұнай қорын өндірудің тиімділігін вертикалды ұңғыларға қарағанда арттыру және мұнай беру коэффициентін өсіру.
Авторы: Нұрбибі Теміртасова
Суреттер «Ембімұнайгаз» АҚ архивінен алынған