CaspianLife, 28 мамыр — «Атырау облысы су арнасы» КМК хабарлауынша, Амангелді ауылындағы су тазарту стансасының жұмысы су тасқыны мен су басуына байланысты уақытша тоқтатылды.
«Салдарынан Дамба, Қызыл Балық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына қаладан суық су тартылып, үйлеріңіздегі су қысымы төмендеуі мүмкін. Су тазарту қондырғысын қайта іске қосу жұмыстары маусым айына жоспарланған. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» -делінген хабарламада.