CaspianLife, 4 мамыр — Бүгінде ауданда азық-түлік тауарларын сататын 126 орын жұмыс істейді.
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен шарт бойынша «Лидер» сауда желісінің нүктелері арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 17 түрі сатылады.
«Атырау» ӘКК » АҚ арқылы облыстық тұрақтандыру қорынан «Лидер» сауда желісіне және «Дәулет нан»ЖШС-на мемлекеттік субсидиялар бөлініп отыр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 2024 жылға кәсіпкерлік субъектілерімен 8 меморандум жасалды.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Индербор кентінде 30 тоннаға арналған көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 21 атау бойынша 16 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімнің қоры жасалған.